Сұхбат

Еліміздегі су мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Су ресурстары және ирригация министрлігімен сұхбат

Қазіргі таңдағы әлемдік ауқымы үлкен су мәселесі туралы ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаевпен newsroom.kz порталы сұхбаттасты. 

Еліміздегі су басу қаупі басым аймақтардағы атқарылған жұмыстар мен су туралы жаңа заң жобалары және тағы да басқа өзекті тақырыптар төңірегіндегі сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

- Су басу қаупі басым аймақтарда қандай жұмыстар атқарылуда? Атырау облысы, Миялы ауданында өр суы Ойыл өзенінің арнасын толтырып, ауылды шайып жібере жаздады. Биыл үлкен қауіптің алдын алу үшін қандай шаралар жүргізілуде?

 - Су ресурстары және ирригация министрлігімен су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында қажетті іс-шаралар жоспарланып, атқарылуда.
Атап айтқанда:
- 2024 жылдың су тасқыны кезеңінде жедел шешім қабылдау мақсатында жедел штаб құрылды.
- кезекшілік кестесі бекітіліп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде;
- республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суларды апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді. Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп гидротехникалық объектілерді тексеру актілері мен дайындық паспорттары, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындау қаупі дәрежесі бойынша су шаруашылығы объектілерінің тізбелері әзірленді;
 - әрбір су қоймасы үшін оларады пайдалану ережелеріне сәйкес су тасқыны кезіндегі суды жинақтау және тастау режимі жасалды;
- көрші мемлекеттерде орналасқан трансшекаралық су объектілерінде су жинақтау режимі зерделеніп және талданды;
- «Қазсушар» РМК филиалдарында су тасқынына қажетті инертті материалдар және техникалар түгенделді және тағы да басқа да тиісті іс шаралар қабылдануда.
Ал енді қарын суға келетін болсақ, ең алдымен аталған аймақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен дренаж жүйесін қалыптастыру қажет деп есептейміз. Сонымен қатар олардың деңге өзгерісіне тұрақты түрде мониторинг жүргізу қажет.

Фото: kz24news.kz
- Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдаған кезінде су туралы заң жобаларын қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты. Қандай заң жобаларын күтеміз?

- Қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігімен су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында суды үнемдеу саясатын қалыптастыру, тұтынуды басқару, тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалануға бағытталған Жаңа Су кодексі дайындалды. 
Су кодексінің жаңа редакциясында судың сарқылуынан, ластануынан және қоқыстануынан қорғауға басты назар аударылды. Бұған қоса, Жаңа Су кодексінің нормалары жүйеленген, принциптері мен міндеттері оларды жүзеге асыру механизімдерімен күшейтілген. Гидротехникалық құрылыстардың, ирригация және дренаждың, ауыз су мен сумен қамтамасыз етілу қауіпсіздігі бөлек тарауларға бөлінген. 


Жаңа Су кодексінде суды үнемдеуге аса көңіл бөлінген. Мысалы, су пайдаланушылар су ресурстарын тиімді пайдалануға, су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын және суды қайта пайдалану жүйесін қолдануға, сонымен қатар жерасты ауыз суды мақсатты пайдалануға міндеттеліп, заң деңгейінде су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Ауыз су сапасын жақсарту бойынша талаптар енгізілді. Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мен суды бұру бөлімі кеңейтілді.

Климаттың өзгеруіне елдегі су саласының бейімделуі бөлек баппен қаралған. Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласына қоғамдық бақылауға үлкен назар аударылған.
Сонымен қатар, Жаңа Су кодексімен су ресурстарын қорғау және пайдалану мақсатында су саласына инвестицияларды тартуға ынталандыру  және ғылыми-зерттеу мен ғылыми-техникалық жұмыстарға мемлекеттік қолдау қаралған.  
Жаңа Су кодексі су ресурстарын тұрақты басқару және экожүйені сақтауда негізгі қадам болып табылады.  

- Гидрология ғылымын зерттейтін ғалымдарды дайындайтын мамандық студенттеріне қандай жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастырылған?

- Бүгінгі күні 9 жоғарғы оқу орындары (ЖОО) су саласы үшін кадрлар даярлайды (М. Дулати атындағы ТарӨУ, Қорқыт ата атындағы ҚУ, ҚазҰАЗУ, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, ХББК, М. Әуезов атындағы ОҚУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). 

2018 жылы «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес ЖОО-дың академиялық және басқарушылық еркіндігі кеңейтілді. Академиялық еркіндік шеңберінде ЖОО-лар еңбек нарығының қажеттілігі мен кәсіби стандарттарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді және жаңартады. Білім беру бағдарламаларының мазмұнына, оның ішінде техникалық бағыттарға ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда ЖОО-мен су саласы бойынша 42 білім беру бағдарламасын әзірледі, оның ішінде кәсіби стандарттарды ескере отырып, 93% жаңартылды. 2023 жылы бейінді мемлекеттік органдар әзірлеген кәсіби стандарттарды ескере отырып, 16 білім беру бағдарламасы жаңартылды: «Гидротехникалық мелиорация», «Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау», «Гидромелиорациялық жүйелер үшін коллекторлық-дренаждық желіні жобалау және пайдалану», «Бөгеттер мен бөгеттер салу», «Жайылымдарды суландыру» және т.б. Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрлігі су мамандығының тартымдылығын арттыру және кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауда: 

1. Қазіргі уақытта, су мамандығы бойынша жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, Су шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 20% - ға арттыру жұмыстары жүргізілуде. 
2. 2022 жылы өңірлерде озық кадрлармен қамтамасыз ету үшін «Мамандығым болашағым» жобасы іске қосылды және өңірлік еңбек нарықтарының нақты сұраныстарын ескере отырып, кадрларды даярлау жүйесін қайта форматтауға бағытталған. 
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары бекітілді (27.07.2023ж. № 361 бұйрық). Дуальды оқыту кезінде пәннің оқу материалының кемінде 40%-ы тікелей өндірісте игеріледі. Дуальды оқыту бағдарламасы әр кәсіпорын үшін бөлек әзірленеді. 
4. Су саласы үшін кадрлар даярлаудың флагманы болып табылатын 2 базалық ЖОО анықталды - М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті («Су шаруашылығы») және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті («Су ресурстары және су пайдалану»). Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетімен (бұдан әрі - ТИАШМИИ) бірлесіп «Су шаруашылығы және мелиорация», «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару», «Мелиорация және суармалы егіншілік» атты бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірледі. Сондай-ақ, М.Х. Дулати атындағы ТарӨУ ТИАШМИИ-мен бірлесіп «Гидротехникалық құрылыс», «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар және оларды пайдалану», «Су шаруашылығы және мелиорация» атты жаңа бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірледі. Бұдан басқа, М.Х. Дулати атындағы ТарӨУ ТИАШМИИ-мен бірлесіп халықаралық стандарттарға сәйкес келетін су бағыттары бойынша екі дипломды төрт білім беру бағдарламасын әзірледі. 

Фото: inbusiness.kz
2024 жылғы 29 қаңтарда су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбекпен Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нұржігітовтің бірлескен кеңесі өтті. Кеңес барысында Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК филиалдарында жоғары оқу орындары студенттерінің (су мамандықтары бойынша) өндірістік тәжірибелерінен өту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұдан басқа, Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК филиалдарында Студенттердің оқу өндірістік практикасынан өтуі туралы меморандумдарды дайындап, су саласының мамандарын даярлауды жүзеге асыратын 9 жоғары оқу орнымен қол қойылды.

- Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Бұнын алдын алу үшін не істеу керек?

Еліміздегі су тапшылығы мәселесі жыл өткен сайын күрделеніп келеді. Қазақстан су ресурстары тапшы елдер қатарына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурстарының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. 

Су тапшылығының алдын алу мақсатында су шаруашылығы құрылыстарын жаңарту, суды үнемдеу озат технологияларын енгізу, суды есептеу мен таратуды цифрландуры, жаңа тарифтік саясат пен суды үнемдеу мәдениетін енгізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет Басшысы өзінің 2023 жылғы қыркүйектегі Жолдауында су шаруашылығы объектілерінің 60% тозғанын, суды тасымалдау кезінде 40% жоғалуын, су үнемдеу технологияларының баяу енгізіліп жатқандығын атап өткен болатын.   
 

Осыған орай, Үкімет тапсырмасын орындау мақсатында 2030 жылға дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамыту Тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжатпее гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау, цифрландыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, іргелес мемлекеттермен экология және трансшекаралық ынтымақтастық мәселелері қарастырылған.    
Алдағы уақытта 9 облыстың аумағында 20 су қоймасын салу, аумағында 15 су қоймасын реконструкциялау және 14 мың шақырымды құрайтын ирригациялық каналдар мен гидротехникалық құрылыстарды жаңарту, 3,5 мың шақырым болатын каналдарды цифрландыру жоспарланған. 

Жобалар іске асқан жағдайда тасымалдау кезінде судың жоғалуы                50-ден 25 % дейін азаяды, су ресурстарының көлемі 2,4 текше шақырымға артып, экономика саласы кепілді сумен қамтамасыз етіліп, төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.  
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын тез арада енгізуге фермерлерді ынталандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге суландыру жүйесін құру мен тамшылатып және жаңбырлатып суару құрылғыларын алуға шығындарды өтеу үшін субсидиялау үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту жұмыстары қарастырылуда.    
Негізгі мәселелердің бірі экономика секторларында су ресурстарын қайта пайдалану болып табылады. Осыған орай, суды қайта пайдалану жүйесі жоқ мекемелерде аталған жүйеге көшу үшін тиісті жоспарын жасау талап етілетін болады. 
Айта кететін жайт, аталған су үнемдеуге ынталандыру мәдениеті Жаңа Су кодексінде ескерілген.  

 - Атом реакторларының көмегімен тұзды теңіз суын тұщыландыру арқылы жерасты су қорын қолдан толтырумен айналысу әдісі біздің елімізде қолданылады ма? Пайдасы көп пе? 

- Маңғыстау облысында «Каспий» тұщыту зауыты жұмыс жасайды. Зауыттың жалпы ауданы 7,5 га құрайды, оның 2 га-да қосымша корпустар салынуда.
Ауыз су мәселесі бар Маңғыстау облысындағы үш ауданының 180 мың тұрғыны үшін зауыттың маңыздылығы жоғары. Бұл мәселені шешу мақсатында зауыттын қуаттылығын арттырылуда, атап айтқанда жаңа өндіріс цехтерін салу, инфрақұрылымды жаңарту және суды тазарту мен фильтрлеудің жаңа құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. 
Есептеулерге сәйкес қосымша құрылғының құрылысы ауыз суды өндіру өнімділігін күніне 40 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Зауыттың бұрын өнімділігі екі есе аз болған болатын.  

- Бір адам тәулігіне қалалық жерде 700-800 литр су тұтынуы керек дейді. Бұл норма неге негізделіп жасалған?

- Қазақстан Республикасының 4.01-02-2009 «Құрылыс нормалары мен ережелеріне» сәйкес 

Су тұтынушы

Меншікті орташа тәуліктік (бір жылға) бір су тұрғынушының нормасы, л/тәул

 

2020 жылға дейін

2030 жылдан кейін

Қала

410

360

Ауылдық елді мекен

120

140

болып белгіленген.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының аймағында шамамен 1-1,2 км3 су тұрмыстық ауызсу қажеттіліктерін қанағаттандырылуға алынады.

 

Материалды әзірлеу барысында қолдау көрсеткен  Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметіне редакция тарапы өз алғысын білдіреді.