weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық боксшы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алыпты

Айбек Оралбай (92 келі) Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің ширек финалында жұдырықтасты

Қазақстандық боксшы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алыпты
Фото: Instagram boxingkazakhstan

Қазақстандық былғары қолғап шебері Айбек Оралбай биыл Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Айбек Оралбай (92 келі) Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің ширек финалында жұдырықтасты. Оның қарсыласы америкалық боксшы Джамар Талли болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан Айбекке берді. Осылайша қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасына жолдама алды. Айта кетейік, Айбек Оралбай лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде үндістандық Санжит Санжитті жеңген еді. Ал келесі кезеңде Юнг Ха Ныльден (Оңтүстік Корея) басым түсті. Кейін 1/8 финалда қазақстандық боксшы Кастилло Торресті ұтқан болатын. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→