7 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша тараптар арасындағы пікірталас кезінде прокурор айыпталушыны 99-баптың 3-бөлімі “Кәмелетке толмаған адамды өлтіру” бойынша жазалауды сұраған. Баланы өлтірді деген күдікке қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек алынып отырғанын айта кетейік,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Прокурордың сөзінше, жағдайды жеңілдететін және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
“Мүлікті тәркілеуге негіз жоқ. Қылмыстың ауырлығын ерекше ауыр санат ретінде ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймыз. Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды жөн деп санап, соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрайды. Қамауда болған уақытын ескере отырып. Сондай-ақ сотталушыдан процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК мөлшерінде төлем өндірілсін”, – деді прокурор сотта.
Бұл осы бапқа сәйкес ең ұзақ жаза мерзімі екенін баса атап өткен жөн.
Өз кезегінде жәбірленушілердің адвокаттары, өлтірілген қыздың туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын және сотталушыдан қыздың әжесінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұраған.