“Болжамды әке болуы мүмкін адамдар бар” Қымбат Досжан жазба жариялады

Бельгиялық қазақ баласы тураы ақпарат шықты

Фото: инстаграм желісінен

Қымбат Досжан әлеуметтік желіде Жәнібекке қатысты жазба жариялап, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Бармысың, бауырым?"редакциясы журналистік зерттеу жұмысын толық атқарып шықты. Құжат бермей,  аты-жөнін өтірік айтып,  қолхат жазып, Жәнібек деген ұлын тастап кеткен әйелді — ресми құжаттар бойынша Жәнібектің анасы деп жазылған әйелді біз желтоқсанда таптық. Бельгиялық әйелдің Арқалыққа келіп, бәленбай мың еуро санап бердім деген кісіні де білеміз. Тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр, ол құқық қорғау органдардың қолында. Күні бүгінге дейін 28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды. Нәтиже 0%. Тағы да болжамды ана немесе әке болуы мүмкін адамдар бар, зерттеу тоқтаған жоқ",- деп жазылған парақшада. 

Жүктелуде...