Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жәнібекті перзентханада ауыстырып алған ба?

Қымбат Досжан мәліметпен бөлісті

Жәнібекті перзентханада ауыстырып алған ба?
Фото: әлеуметтік желіден

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан Жәнібектің анасына қатысты тың ақпаратпен бөлісті,-деп хабарлайды newsroom.kz.

«Бармысың, бауырым?» хабары редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын жасауға көндіргенімізді, зерттеу нәтижесі теріс шыққанын өздеріңізге 28 желтоқсан күні тікелей эфирде жарияладық. Нәтижеге дейін, «Жазира» деген келіншектің табылғанын, ол өзінің 2002 жылғы қаңтарда Арқалыққа басқа жақтан барып босанғанын, ұлды болғанын, 4 күннен кейін қолхат жазып кеткенін, тіпті өзінің аты-жөнін өтірік айтқанын да мойындап отыр. ДНҚ нәтижесіне сенімді болу үшін басқа клиникаға, яғни ҚР Әділет министрлігі Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтынан қан құрамы бойынша зерттеу жүргізуді сұраған едік. Қорытынды қолымызға тиді. Екінші нәтиже бойынша да Жазира Жәнібектің биологиялық анасы емес, қорытынды: 0 %. Бала ауыстырылуы мүмкін деген күдік әлі бар. Өйткені Жәнібектің анасы деп көрсетілген, өз қолымен қолхат жазып кеткен және бүкіл оқиғаны мойындап отырған әйел табылды, - деп жазды Қымбат Досжан.