Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Павлодардың мектебіндегі асханада тамақтан құрт шығыпты

Бұл жағдай бірінші рет емес екен

Павлодардың мектебіндегі асханада тамақтан құрт шығыпты
Фото: almaty.tv

Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт пен тарақан шыққан,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Арыз көбейіп, шағым артқан соң асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 миллион теңге шамасында айыппұл салынды

Телеарна хабарлауынша, бұл жағдай бірінші рет емес екен.

Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр. 

Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу".Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин