weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иманды болсын! Ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден озды

Белгілі спорт комментаторы қайтыс болды

Иманды болсын! Ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден озды
Фото: 24kz

Ардагер журналист, танымал спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақтан шыққан алғашқы комментаторлардың бірі Рабат Жәнібеков 1968-2003 жылдар аралығында қазақ телевизиясында редактор және спорт комментаторы қызметтерін атқарды. Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы болды.

Ол 1942 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеген келген. Саналы ғұмырында қазақ телевизиясында абыройлы қызмет атқарды. Комментаторлық мансабын 1973 жылдан бастады. Алғаш жүргізген матчы Мәскеуде өткен Футболдан КСРО Чемпионатындағы "Қайрат" - "Торпедо" кездесуі болды. Рабат Жәнібеков спорт журналистикасында есімі елге белгілі талай шәкірт тәрбиелеп шығарды.