Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталыпты

Ол сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша ұсталды

Фото: Матрица

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Newsroom.kz

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдікпен бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталғанын растайды", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторында қамауда.

"Тергеу шаралары жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпараттар жария етуге жатпайды", - дейді Антикор.

Жүктелуде...