Шымкентте әкім жауапқа тартылыпты

ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 10-бөлігі бойынша 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 млн 595 мың 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді

Фото: gov.kz

Шымкент прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Newsroom.kz

Қалалық прокуратура мәліметінше, өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты мемлекеттік органдардың шара қолданбау фактілері анықталды.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға, оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының, қалалық драма театрының бұрынғы басшыларына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 10-бөлігі бойынша («Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік құқықбұзушылық туралы 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 млн 595 мың 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Жүктелуде...