Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған көлікке жаңа бағдарлама әзірлепті

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі көлік құралдарын кәдеге жаратудың жаңа бағдарламасын әзірлегенін  мәлімдеді

Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған көлікке жаңа бағдарлама әзірлепті
Фото. El.kz

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі көлік құралдарын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың жаңа бағдарламасын әзірлегенін  мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Жасыл даму" АҚ-мен бірлесіп, көлік құралдарын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың жаңа бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаға қара металды қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір кәсіпорынның монополиясы алып тасталады. Ескі автокөлікті қайта өңдеу үшін төлем алынатын шикізатқа меншік құқығы", - делінген хабарда. Ескі көлік иелеріне жеңілдік сертификаты ұсынылады, оның номиналы белгіленген тәртіппен анықталады. Қазіргі уақытта ережелер жобасы әзірленіп, бекіту процесінде екен.