Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Заң ортақ! Алматыда жиналыста боқтаған депутатқа айыппұл салынды

Депутатқа “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айыппұл салынған

Заң ортақ! Алматыда жиналыста боқтаған депутатқа айыппұл салынды
Фото: Тимур Елеусізов instagram парақшасынан

Жиналыс кезінде сөз арасында боқтап жіберген Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке айыппұл салынған. Сонымен қатар, оған мәслихат тарапынан сөгіс берілгені белгілі болды,- деп хабарлайды  Newsroom.kz

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке боқауыз сөз айтқаны “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айыппұл салынған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.

Өзінің Instagram парақшасында ол қателіктер үшін "барлығы жауапкершілікті өз мойнына алу керек және бұл заң алдында бәрі бірдей екендігінің жақсы үлгісі" деп жазған.

Ол алдағы уақытта экологиялық мәселелерге қатысты жұмыстарын жалғастыратынын айтады.