Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жетісуда кәсіпорынның бұрынғы директоры көмірге бөлінген 100 млн теңгені ұрлапты

Күдікті 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Жетісуда кәсіпорынның бұрынғы директоры көмірге бөлінген 100 млн теңгені ұрлапты
Коллаж: Newsroom.kz

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Жетісу облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған."

Жетісу облысының прокуратурасы