Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Депутат отағасы туралы заң қабылдауды ұсыныпты

Ермұрат Бәпи мұндай заңды ер азаматтың рөлін көтеру үшін жасалу керектігін айтты

Депутат отағасы туралы заң қабылдауды ұсыныпты
Фото: ult.kz

Мәжіліс отырысында әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасына қатысты сұрақ қою кезінде Ермұрат Бәпи әкелерге қатысты заң қабылдау бастамасын көтерді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

“Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Осы залдағылардың көбі «Әкең келсін, сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыда келгенде сіз қалай ойлайсыз? Ер азаматтың рөлін көтеру үшін бәлкім, Отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар? – деп сұрады Бапи Сүлейменовадан.

Мәжіліс залындағы депутаттар қол шапалақтап, Ермұрат Бапиді қолдайтындарын білдірді.

“Қол шапалаққа байланысты бұл – бүкіл елдің сұрағы ғой. Жалпы әкелердің рөлін, отбасындағы жауапкершілігін, ерекше орнын белгілейтін заң қажет болса бірінші боып қабылдауға өзім де атсалысқым келеді”, — деді Сүлейменова.