Петропаволдың аты ауысқанын қалайсыз ба?
Петропавалда 244 мектебі орыс, 105 мектебі аралас және таза қазақ мектебінің саны 109,-деп жазды Facebook парақшасына Бурахан Даханов, қоғам белсендісі.
Петропаволдың аты ауысқанын қалайсыз ба?
Ашынғанда шығады ащы даусым демекші, мына жағаұстатарлық статистиканы қарап, біздердің неге шыңғырып жатқанымызды түсініп көріңіз. Жалпы Солтүстік Қазақстан Облысында 458 мектеп бар. Соның 244 мектебі орыс, 105 мектебі аралас және таза қазақ мектебінің саны 109,-деп жазды Facebook парақшасына Бурахан Даханов, қоғам белсендісі.
"Тіпті Петропавл қаласының өзіндегі 36 мектептің 6 сы ғана Қазақ мектеп. Орыс мектебінің саны 22. Жалпы облыста 75 018 бала сабаққа барса, соның 25 бөлігі ғана яғни төрттен бірі ғана Қазақ тілінде білім алады. Бір қызығы, орыс мектебінде оқитын қалған 56339 баланың 26 пайызы қазақ балалар. Демек, аралас мектеп деген алдамшы, бәрі таза орыс мектептер боп тұр!!!! Өскелең ұрпақтың, осы қалада өмір сүріп иелік ететін болашақ ұрпақтың 75 пайызы "Қ" әріпіне тілі келмейтін орыс тілді болса Қызылжар атауы кімге керек сонда а??????? Біздікі не айқай әкессс?????
Бізге қайтсекте Солтүстіктегі Қазақ балаларды, Қазақша оқитын балаларды көбейтуіміз керек. Соның бір жолы бар, ол Оңтүстік өңірлердегі жетімханаларды бала шағасымен Солтүстікке көшіру. Жалпы Жетімханалар орталықтан қаржыландырылады. Демек ол ғимарат Шымда тұрма әлде Қызылжардама — қатты айырмашылық жоқ. Егерде бұл іске асса Солтүстікке жаңа қан құйылып, оқушылар арасында теңсіздік жойылады деп есептеймін. Оның үстіне олар осында өсіп өніп, үйленіп көбейіп мына жерге қызмет қылмайма ә? (проект бізде дайын, тіпті орындардыда беогілегеміз — бірақ бізді ешкім тыңдамады)
Оңтүстіктегі студенттерді Солтүстікке жаппай алдыру үшін, бір ірі оқу орнын көшіру керек Петропавлға, сонда қаладағы қаракөздер көбейед дедік. Оған бізге, Серпін бағдарламасы бар. Не епектиьно. Пустая трата денег деді. Мыңқ мыңқ етіп даусымыз шықпай қалды.
— Ойбай Солтүстікке көшкендерге жер береміз дит. Оған біз: көшіп келгендердің бәрі оңтүстікте жұмыс таппай жүрген дәрігер мұғалім, полиция тсс кісілер, ондай адамға жер керек пе өзі? Оның үстіне жер алды дегеннің өзінде оны жыртуға, баптауға егуге техника керек. Ол техниканы алу үшін қыруар қаржы керек. Өзі кеше ғана үйсіз болып мында көшіп келген азамат техникаға ақшаны қайдан алад дедік біз. Көшетіндердің аудиториясын ауыстырайық. Үгіт насихатты диқан, малшы, шаруа арасында жүргізейік. Арнайы соларға программа ашайық. АШМді қосайық дедік біз. Өтірік мақтап, арқадан қағып шығарып салды.
Одан кейін, "TAUEKEL" ұйымына қаржы беріп, оңтүстікке жіберіңіздер, біз әлгі Алматы, Шымкент секілді ірі қалаларда көөп баласымен времянкілерде тұратын адамдарды іздеп тұрып, жеке дара үгіттейік дедік. Соларды көшіріп мына жақтағы ауылдарды құтқарайық дедік. Оған, е олардың үй алатын мүмкіндіктері жоқ деді. Онда біздің "TAUEKEL" ге ақша бөліңдерші, біз ескі үйлерді өзіміз, өз баланысымызға сатып ап, ремонттап, жөндеп- ың шыңсыз көшіре берейік, тіпті мына сапасыз жаңа үйлерді де бізге беріңдерші, біз жөндетіп, бағып қағып, ішіне адам толтыра берейік дедім. Тағы да ешкім үндемеді.
Солтүстікке көш бағдарламасы не епектно деді, адамдар кері көшіп жатыр деді. Әрине дедік біз, өйткені көшкен адамға аз паз ақша, үй, жұмыспен қоса рухани қолдау деген дүние қажет. Бізге қаржы беріңіздерш, біз офис, кол центр ашып, солармен мақсатты түрде жұмыс жасайық. Көшіп келушілердің социализация, интеграция жақтарын, адаптация яғни жергілікті халықпен араласу мүмкіндігін дамытайық. Соңғы айда екі көшіп келушінің үйі өртенді, соларға қызмет көрсететін ситуативті орталығымыз босыншы, қорымыз болсыншы дедім. Бюджетте ақша жоқ деді. Уф дедік те қалдық. Қысқасы өстіп жүрміз. Билікте бізді танымайтын адам кемде кем қазір. Бірақ ол мүмкіндіктің пайдасы қазіргі уақытта тым елеусіз боп тұр. Шынымды айтсам жаңбыр жаумасада күркірей беретін, қолынан қайрақта келмейтін найзағай секілді сезініп барам өзімді. Әбден шаршадым нақ. Айтыңызшы, мыналарды істеу үшін, істету үшін біздің не істеуіміз керек?
"TAUEKEL". Теріскей бізге аманат,-деді Бурахан Даханов, қоғам белсендісі.