Сенатта өткен үкімет сағатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы ажырасудың себептерін атады,- деп хабарлайды Newsroom.kz
"Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы некеге тұру 5,9%-ға, ал ажырасу 5,3%-ға азайды. Ажырасудың негізгі себептері - алкоголизм, ерлі-зайыптылардың бірінің нашақорлығы - 61,7%, тұрмыстық зорлық-зомбылық - 51,1%", опасыздық - 47%, құмар ойындарға тәуелділік - 38,4%. Зерттеуге сәйкес, қазақстандықтардың 20% үшін ажырасудың басты себебі - бала сүйе алмау; әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болады",-деді Аида Балаева