weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандағы локомотив зауыты шетелдік компанияның меншігіне өтіпті

Бұл қадамға 2023 жылғы қарашада Қазақстандағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойғаннан кейін барған

Қазақстандағы локомотив зауыты шетелдік компанияның меншігіне өтіпті
Фото: Локомотив құрастыру зауыты

Америкалық Wabtec компаниясы енді Қазақстандағы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ акцияларына толық иелік етеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Railway Supply мәліметінше, былтыр қазан-желтоқсан айларындағы есепке сәйкес, Wabtec ЛКЗ акцияларының 50% 81 миллион долларға сатып алды. Бұрын акциялардың жартысына "Трансмашхолдинг" АҚ иелік еткен еді.

"Бұл қадамға 2023 жылғы қарашада Қазақстандағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойғаннан кейін барған. Осы құжатта көрсетілген барлық мәміле орындалса, Wabtec-тің Қазақстанға техника жеткізуден түскен пайдасы 2 миллиард доллар болады", – деп атап өтті портал.

Ал ҚТЖ ұлттық теміржол компаниясы локомотив паркінің 15 пайызын жаңартып, 240 Wabtec локомотивін сатып алу үшін америкалық Citibank-тен 900 миллион доллар қарыз алуды жоспарлап отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→