Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мектеп оқушылары еден жуатын апайына ерекше құрмет көрсетіпті

Мектептердің бірінде еден жуып қызмет атқаратын әйелдің 60 жасқа толған мерейтойына орай құрмет көрсетілген

Мектеп оқушылары еден жуатын апайына ерекше құрмет көрсетіпті
Фото: Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде мектептердің бірінде еден жуып қызмет атқаратын әйелдің 60 жасқа толған мерейтойына орай құрмет көрсетілген, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Qaz365.kz сілтеме жасап.

Оқушылар мен ұстаздардың құрметіне разы болған әйел өз батасын береді. Желі оқырмандары да бұған разышылықтарын білдіріп жатыр.

«Тамаша, қай қаладағы мектеп болды екен?», «Еркек басыммен жылайын деп қалдым ғой», «Адам еңбегін бағалау деген осылай болса керек», «Бұл деген бақыт», «Жылағым келді», «Бастысы құрмет қой», «Сынып жетекшісі керемет екен», «Мұғалім оқушыларына дұрыс тәрбие беріп жүргені көрініп тұр», «Есімі алтын әріптермен жазылатын педагог» деген пікірлер бар.

Айта кетейік, 2023 жылдан бері мектептегі еден жуушылар, күзетшілер мен аула тазалаушылардың жалақысы көтерілген болатын.