Қылмыс

Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алыныпты

Уақытша тергеу изоляторына қамалды

Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды Динара Закиева.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысындағы қамқоршы 3 баланы қинап мал баққызып қойғанын хабарлаған едік.