Алматы әуежайында 750 жолаушы тұрып қалыпты

16 ақпанда Алматы әуежайынан 5 рейс тоқтатылды

Фото: Almaty.tv

16 ақпанда Алматы әуежайынан 5 рейс тоқтатылып, 60-ы кейінге қалды, деп хабарлайды Newsroom.kz

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, қазір әуежай терминалында 750-ге жуық жолаушы ұшып кетуді күтіп отыр.

"Қазір Алматы аэродромының аумағында нақты ауа райы: жел 4 м/с, көріну 10 км, тұман, ауа температурасы -17. Қазір ауа райы жағдайына және жауын-шашынға байланысты (қатты қар жауып, тұман) Алматы әуежайында ұшу-қону жолағы мен перронды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жүктелуде...