Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Салтанат Томпиева Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болыпты

Ол 1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген

Салтанат Томпиева Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болыпты
Фото: primeminister.kz

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Салтанат Еркінқызы Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - деп хабарлайды Newsroom.kz

1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Тулуза бизнес мектебін, ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығында білім алған.

  • Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады.
  • 1998-2003 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі/Көлік, коммуникация және туризм министрлігі бөлімдерінің бас маманы.
  • 2003-2008 жылдары – ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті Халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы.
  • 2008-2014 жылдары ҚР ККМ ААК бас сарапшысы, бастығы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.
  • 2014-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ААК басқармасының басшысы, бас мемлекеттік инспекторы, басшысы – бас мемлекеттік авиация инспекторы.
  • 2019 жылы – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ААК басқармасының басшысы.
  • 2019-2022 жылдары – ҚР ИИДМ ААК төрағасының орынбасары.
  • 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының орынбасары болды.