Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады

Демалыс күндерін қосқанда 14 күн демалады

Фото: Stan.kz

2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 14 күн демалады,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл айда екі мемлекеттік мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы тойланады.

Халықаралық әйелдер күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үш күн, 8, 9, 10 наурызда демалады. 

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз – жұмыс күні.

Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Мереке наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен,  дүйсенбі, яғни 25 наурыз демалыс күні тізіміне қосылады. 

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін дүйсенбі, 25 наурыз – жұмыс күні. 

Жүктелуде...