Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Олжас Бектенов 10 күн ішінде республикалық бюджетке ревизия жүргізуді тапсырыпты

Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов 10 күн ішінде республикалық бюджетке ревизия жүргізуді тапсырыпты
Фото: Akorda.kz

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаржы-экономикалық блок министрлерін тыңдап болған соң, премьер-министр бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керектігін атап өткен. "Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек", - деді Олжас Бектенов. Cонымен қатар премьер-министр Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту қажеттігін атап өтті.

"Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтарының пікірлерін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек", - деп тапсырды ол. Олжас Бектеновтің айтуынша, құжатты дайындау кезінде әкімшілендіруді толық цифрландырып, салық жеңілдіктерін беру мәселесін реттеу қажет. 

Жалпы премьер-министр бизнеске фискалдық шығындар мен әкімшілік жүктемелерден қорықпай, "өсу" қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасау қажеттігін мәлімдеді. Сондай-ақ, үкімет басшысы өнеркәсіптік дамуға жаңа серпін беру үшін бірқатар нақты міндеттерді белгілеп, бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуді тапсырды.