Иманды болсын! "Қайрат" АФК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов дүние салды

Игорь Мажинов жүрегіне ота жасау кезінде қайтыс болды

Фото: Facebook/AFC Kairat Futsal

Танымал кәсіпкер, "Қайрат" АФК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов 52 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Newsroom.kz

Футбол клубының мәліметінше, Игорь Мажинов 52 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда жүрегіне ота жасау кезінде қайтыс болды.

Игорь Мажинов 1972 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясында кандидаттық диссертация қорғады (Мәскеу қ.).

"Vertex" ААҚ, "Альянс Банк" АҚ, "Достық қонақ үйі" АҚ, "ХОЗУ корпорациясы" ЖШС басшылық қызметтерді атқарған. "Bank RBK" АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Ол сонымен қатар "Мегаспорт" футбол клубын ("Астана" ФК) ұйымдастырушылардың бірі болды.

Жүктелуде...