Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 29 жастағы Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл позицияда 2022 жылдың сәуірінен бастап болған, - деп хабарлайды Newsroom.kz
Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген. Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
"Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған. 2015-2020 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы болды.
2022 жылғы ақпан айынан бастап қазірге Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.