Ресейлік файтер Қуат Хамитовке үндеу жолдапты

"Келіңдер, таяқ жеп, диванда қымыз ішіп жатасыңдар. Жақын арада кездесеміз"-деді ресейлік файтер

Коллаж: Newsroom.kz

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Грозин қазақстандық файтерлер Қуат Хамитов пен Ильдар Құдайбергеновке үндеу жасады,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Осыған дейін Грозин екі қазақстандық жекпе-жекші – Мұратбек Қасымбай мен Магомед Кабардиевті жеңген еді. Кейін Қуат Хамитов пен Ильдар Құдайбергенов отандастары үшін есе қайтаратынын айтқан.
Александр Грозин мен Қуат Хамитов арасында Instagram парақшаларында диолог жүрген болатын.


 "Мұратбек Қасымбайға қарсы жекпе-жегімнен кейін көп қазақ жауынгерлері мені жазалағысы келіп жүр. Атап айтқанда, Қуат Хамитов және жақында екінші адам пайда болды (Ильдар Құдайбергенов). Жігіттер, сендерді "Наше Делода" қуана қарсы аламын. Алдымен Магомед Кабардиевтен "Орал тұшпарасының" қалай кесе-көлденең тұра алатынын сұраңдар. Келіңдер, таяқ жеп, диванда қымыз ішіп жатасыңдар. Жақын арада кездесеміз", – делінген "Наше дело" лигасының Instagram -да
Бұл үндеуге Қуат Хамитов жауап қайтарды. "Сәлем, Саня. Жазалау емес, бауырым, оңай жеңу, түсінесің бе? Оңай жеңіп, орныңа қою. Бар болғаны осы", – деді ол

Жүктелуде...