6 ақпан күні "Низамхан" жекеменшік мектебінде 8-сынып оқушысы қайтыс болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.
Оқушы қыз бірінші сабақта ол өзін нашар сезінген.
Директордың айтуынша, мектепке жедел жәрдем қызметі келген. Алдын ала болжам бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы көп дәрі ішкен. Жансақтау бөліміне жеткізгенмен, құтқарып қалу мүмкін болмады. Түске қарай қайтыс болғаны белгілі болды.
"Баланың жағдайы нашарлады. Жедел жәрдем шақырдық. Не болғанын білмедік. Ол түнде 40 шақты жүрек дәрісін ішіп, мектепке келген деді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қыз бала тұйық болмаған, сыныптастарымен араласты. Олар бүкіл сынып болып 79-мектептен ауысып келді. Қудалау болған емес", – дейді "Низамхан" жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.