Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

63 жаста той көйлегін киген алматылық желіні шулатты

Ал сіз неше жасыңызда той көйлегін кидіңіз?

63 жаста той көйлегін киген алматылық желіні шулатты
видеодан кадр

Танымал блогер Бота Әбдіраманова әлеуметтік желіде ата-анасының қалай өзгергенін көрсетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы el.kz-ке сілтеме жасап.

Блогердің айтуынша, оның анасы сол күйі той көйлегін кимеген. Бота Әбдіраманова бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ата-анасына той көйлегі мен классикалық костюм кигізді.

63 жаста тұрмысқа шығу кеш деп кім айтты? – деп жазды блогер.

TikTok-та бұл видео миллионнан астам қаралым жинап, бойжеткеннің әрекеті оқырманан тарапынан жоғары бағасын алған.  

«Сондай сүйкімді жұп, анасының энергетикасы керемет екен, әкесі қайта жақсы көріп қалған сияқты», «Ата-анаңыз өте әдемі екен», «Ата-анаңызды осылай қуантқан сізге рахмет», - деп жазды оқырман қауым.