Әзірбайжан Парламентінде Корсика халқын қолдау тобы құрылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Милли Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әзірбайжан депутаттары "Макрон диктатурасына" қарсы үндеу дайындады. Үндеуде депутаттар Француз құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерін айыптады.
Сондай-ақ, Француз билігінен адамның жеке басының құқықтарын құрметтеуді талап етті.
Корсика халқының еркін жиналу құқығына, бірігу құқығына Франция үкіметі кепілдік беруі керек деп талап қойды.
Бұдан бөлек, барлық тұтқындарды дереу босатуды және саяси қудалауды тоқтатуды талап еткен.
Айта кетейік, бұған дейін Франция Сенаты Қарабақ соғысы үшін Еуро Одақты Әзірбайжанға санкция жариялауға шақырған еді. Франция Әзірбайжан елі Арменияға қатты қысым көрсетуде деп айыптаған.