Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Танымал журналист Бейбіт Қорғанның баласы туралы не жазды?

ДНҚ сараптамасы не дейді?

Танымал журналист Бейбіт Қорғанның баласы туралы не жазды?
Фото: Instagram @beibitkorgan

Атырау облысының тұрғыны қараша айында  "Астарлы ақиқат" бағдарламасында әнші Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтқан болатын. Тележүргізуші Дина Төлепберген әншінің ДНҚ сараптамасын тапсырғанын мәлім етті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Бұл туралы Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында айтты. "Бейбіт Қорған ДНҚ тапсырды. Бірақ бір ғана күдік бар! Бетін бүркеп, түрін тұмшалаған Бейбіттің өзі ме? Сот қабылдаған сынамаға қаншалықты сенуге болады? Өйткені, дауысын естімедік, түрін көрмедік, камераға түсірмедік. Мен және менің командам бұндайды алғаш көруіміз", - деп жазды Дина Төлепберген. Сонымен қатар тележүргізуші әншінің ДНҚ сараптамасын Атырау қаласында тапсырғанын айтты. "Бейбіттің болжамды баласы не болды? "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ тапсыру үшін, оны ақыры сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құтты бір отадан шыққан Майкл Джексон секілді. "Маска шоу" маңырап қалады. 

Ауыр диагноздағы бала жайлы бірнәрсе айта ма деп едік, ләм-лим демеді. Бізден қашса да, ақыры Атырауда, заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуі тиіс", - деді журналист Дина Төлепберген.