Apple-да істейтін алғашқы қазақ кім?

Тамирлан Сейдахметовты танисыз ба?

Скрин: Narikbi live

IT саласының білікті маманы, Apple компаниясында жұмыс істейтін алғашқы қазақ Тамирлан Сейдахметов өз жұмысы туралы айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Narikbi live подкастында Тамирлан Stanford University және Nazarbayev University түлегі екендігін айтты.

Тараздың қарапайым баласы бүгінде Apple компаниясында жұмыс істейді екен. 

“Apple” компаниясына жұмысқа тұрғаныма қатты қуандым. Біріншіден, Калифорниядағы достарыма қайтып ораламын жеп қуандым. Сол жақта оқығасын. Екіншіден, “Apple” компаниясында жасай алады екенмін ғой деп қуандым. Ойдағы шектеуді алдым. Бәрі онда тек өте ақылды адамдар жұмыс істейді деп ойлайды. Бірақ, барғасын көрдім, кәдімгі өзіміз сияқты адамдар жұмыс істейді. Техникалық жағынан сенен, менен қатты алға кетіп қалған жоқ. Бірақ, үлкен айырмашылығы оларда soft skills яғни коммуникация қатты дамыған. Қанша тілді жақсы білсең де, ортаға кіріп араласып кетпесең, өмір сүру қиын,"- дейді Тамирлан Сейдахметов.

Жүктелуде...