Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«ҚазМұнайГаз» мердігерлік ұйымының қызметкері жұмыс уағында қаза болды

Машинист жұмыс орнында қаза тапты

«ҚазМұнайГаз» мердігерлік ұйымының қызметкері жұмыс уағында қаза болды
фото: ulysmedia.kz

27 қаңтарда "Өзенмұнайгаз" АҚ-на тиесілі "Өзен" кен орнының аумағында қайғылы оқиға орын алып, нәтижесінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мердігер ұйымының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға НГДУ-3 жұмысшылары орындайтын № 4192 Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сағат кешкі 21:25-те болған.

"Мұнайспецснабкомпани" ЖШС цементтеу агрегатының машинисі қызмет кезінде электр тогымен зақымданды.

Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері қызметкердің қайтыс болғанын айтты. Оқиғаның алдын ала себебі тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзу екен.

Айта кетейік, бұған дейін жұмысшы "Шұбаркөл көмір" кәсіпорнында қаза тапқан еді.