Жаңалықтар

Анасын іздеген Жәнібек қазақ тілін үйреніп жүр

Бельгиядан анасын іздеп келген қазақ бала өз туған тілін үйренгісі келіп жүргенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл туралы Жәнібек әлеуметтік желісінде айтты. Инстаграм желісіндегі видеосын қазақша дыбыстап, мәтінін де қазақша жазыпты.

Арманым терең мұхитқа сүңгу болатын. Соңғы бірнеше күнде диплом алдым. Қазақша сөйлеу арқылы сіздерді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді. Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті, - деп жазды Жәнібек.

Бұған дейін, Қымбат Досжанның Арқалықтағы балам өлі туылды деп есептеп жүрген аналарды шақырып, үндеу жасағанын хабарлаған едік. Олардың арасында Жәнібектің де анасы болуы мүмкін деген еді.