Жер сілкінісі кезінде Алматыда неліктен дыбыстық дабылдың қосылмағаны туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев баяандады,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Жедел хабарламаны жіберу кезінде хабарламалар қала тұрғындарына кеш жететінінін тәжірибе көрсетті, себебі халықтың тығыздығынан операторлар ақпаратты өңдеп үлгермейді. Тиісінше мұндай ақпарат кеш жетеді. Сондықтан біз мұндай тәжірибеден бас тартып келеміз. БАҚ-та жер сілкінісі туралы мәлімет 00:11-де пайда болды. Әлеуметтік желіде зілзала туралы хабарланғанда, біз қосымша ақпарат беріп, тұрғындарды асып-саспауға шақырып жатыр едік.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, қалада 843 дыбыстық дабыл бар.
Бұл қала аумағын 100% қамтуға мүмкіндік береді.
"Дыбыстық сиреналар жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 балдан асқанда іске қосылады. Бұл жолы жер асты дүмпуінің қуаты 4 және 5 балл аралығында болды. Сондықтан дабылдарды іске қосудің мәні болмады. Олар керісінше дүрбелең туғызар еді", – деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.