23 қаңтардағы айырбастау орындарындағы доллар, еуро, рубльдің ресми бағамы белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметіне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, доллар бағамы – 448,61 теңге, еуро – 488,76 теңге, рубль – 5,11 теңге.
Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 447 теңге, сату бағамы 451 теңге, ал еуроны орташа сатып алу бағамы 487 теңге болса, сату бағамы 491 теңге. Ресей рубльін сатып алудың орташа бағамы 4,95 теңге, сату бағамы 5,1 теңге.
Алматыда айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 447,3 теңге, сату бағамы 449,1 теңге, ал еуроны орташа сатып алу бағамы 487 теңге, сату бағамы 490,5 теңгені құрады. Ресей рубльін орташа сатып алу бағамы 4,99 теңге, сату бағамы 5,09 теңге болды.
Шымкентте ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 447 теңге, сату бағамы 449 теңге, ал еуроны орташа сатып алу бағамы – 487 теңге, сату – 492 теңгені құрады.Рубльді орташа сатып алу бағамы 5 теңге, сату бағамы 5,14 теңге.