Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы алғашқы препараттың жасалғаны туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Министр тіпті оны Үкіметтегі брифингте журналистерге көрсетіпті.
"Біздің атақты биотехнолог Дос Сарбасов Қазақстанға оралды, ол Техас университетінің Андерсон зертханасында жұмыс істеді. Бірнеше жылдан бері Назарбаев Университетінің ұлттық зертханасын басқарады. Қазіргі уақытта биотехнолог онкологияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеумен айналысады", - деді Саясат Нұрбек.
Шенеуніктің айтуынша, бүгінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында қазақстандық препараттың көмегімен 15 адам емделуде.