Алақай! Азаматтарымыз енді Корея мен Аңглияда жұмыс істей алады

Қазақстандықтар Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда заңды түрде жұмыс істей алуы мүмкін

Фото: depositphotos.com

Қазақстандықтар Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда заңды түрде жұмыс істей алуы мүмкін. СІМ елдер арасындағы тиісті келіссөздер себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Newsroom.kz Tengrinews-ке сілтеме жасап.

"Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру туралы] келіссөздердің басталуына не себеп болды, түрткі болды", - деп сұрады журналистер СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтан.

"Ол жаққа заңсыз мигранттар ағыны тоқтамай тұр. Оның үстіне бізде визасыз режим бар, заңсыз мигранттар ағыны туристер ағынына, іскерлік байланыстарға, медициналық туризмге кері әсерін тигізеді. Біз бұл мәселені қалай да шешуге мәжбүрміз", - деп жауап берді ол.

Жүктелуде...