Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тина Канделакиге қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
«Қоғам өзі жауап берді, қызу талқылау болды. Оған не қосайын? Өз есесін алды ғой. Өзіміздің ішкі мәселеміз де жетеді. Сырттан анау айтты, мынау айтты деп шетелдік азаматтарға көңіл бөле берсек, уақытымыз басқасына жетпейді. Екінші өкініш, көрші елдің адамдары біз туралы білмейтіні. Қалай өмір сүріп жатқанымызды келіп көрсін», деді Айбек Смадияров.
- Ал Тина Канделаки «елімізге келген жағдайда кіре ме?» деген сұраққа Смадияров «Келген жағдайда кірмейді. Ол келеді деп те ойламаймын» деп қысқа қайырды.