Қасым-Жомарт Тоқаев Римде БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесу өткізді

Фото:Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Римге ресми сапары аясында БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесу өткізді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Президент кездесуді Қазақстан мен БҰҰ ДАЗ арасындағы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешудегі әріптестікті талқылауға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

"2023 жылы Қазақстан 6 мемлекетке 9,2 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Еліміз Газа секторындағы күрделі ахуалды ескере отырып, Палестина халқына қайырымдылық шарасы ретінде 1 миллион доллар бөлді және 2 рет гуманитарлық көмек жеткізді. Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен Ауғанстан, Түркия, Пәкістан және басқа да елдерге қаржылай көмек көрсетті", - делінген жұмадағы хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл Орталықтың қызметі аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуда БҰҰ-ның ведомствоаралық үйлестіру жұмысын реттеуге мүмкіндік береді.

Жүктелуде...