Альпер Гезеравджи! Ғарышқа ұшқан бауырымыз туралы не білеміз?

Түрік ғарышкері Альпер Гезеравджи туралы не білеміз?

фото: axar.az

Бұған дейін 18 қаңтар күні АҚШ-тан ғарышқа сәтті ұшқан алғашқы түрік ғарышкері Альпер Гезеравджи туралы хабарлаған едік.

Түрік бауырларымыздан тұңғыш болып ғарыш әлеміне саяхат жасаған Альпер Гезеравджи туралы не білеміз? Бұл туралы Newsroom.kz порталы дайындаған материалдан біле аласыздар.

Түрік халқы әрқашан өз еліне деген шексіз сүйіспеншілігімен танымал. Тіпті ғарышта да патриоттар бүкіл әлемге мемлекеттік туларын көрсетуді жоспарлап отырған көрінеді. Альпер Гезеравджи Түркия президенті Режеп Ердоған сыйға тартқан түрік туын өзімен бірге ғарышқа алып кетті.

18 қаңтарда АҚШ - тағы Кеннеди ғарыш орталығынан 4 адамнан тұратын зымыран әуеге ұшырылды. 

"Түркияның алғашқы ғарышкері болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен өзіммен бірге арнайы Елтаңба алып кетемін. Онда жарты ай мен мемлекеттік тудың жұлдызы, түркі мемлекеттерін бейнелейтін 16 жұлдыз және Түркия республикасының 100 жылдығын бейнелейтін 100 саны бейнеленген", - деп бөлісті ғарышкер Альпер Гезеравджи.

Альпер Гезеравджи 1979 жылы 2 желтоқсанда түріктің Силифке қаласында дүниеге келген. Ол Түркияның Стамбул қаласындағы Әскери-әуе академиясында оқып, электронды инженерия бойынша ғылым бакалавры дәрежесін алды. Сонымен қатар, ол Райт-Паттерсон авиабазасындағы әуе күштері технологиялық институтында магистр дәрежесін алды. 

45 жастағы түрік астронавты T-41, SF-260, T-37, T-38, F-5, KC-135 және F-16 сияқты бірнеше ұшақтарда 15 жылдық ұшу тәжірибесіне ие. Сонымен қатар, ол жеті жыл бойы Turkish Airlines авиакомпаниясында әуе кемесінің капитаны қызметін атқарды.

Әскери дайындығының арқасында ол ғарыштағы тірі қалу курстарына және әскери іссапарларға қатысты.

2023 жылдың 29 сәуірінде Түркия президенті Режеп Ердоған Альпер Гезеравджиді алғашқы түрік ғарышкерлеріне негізгі үміткер ретінде көпшілікке таныстырған еді.

.

Жүктелуде...