АҚШ-тың жергілікті уақыты бойынша 16:49-да (00:49 tsi) NASA-ның Флоридадағы Кеннеди ғарыш айлағынан SpaceX ғарыш кемесімен алғашқы түрік ғарышкері Альпер Гезеравджи ғарышқа сәтті ұшты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы aa.com.tur сайтына сілтеме жасап.
Түрік ғарышкері мінген Falcon 9 зымыраны SpaceX компаниясының Dragon капсуласын Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жеткізуі керек.
Салмағы 550 тоннаға жуық Falcon 9 зымыраны 22000 килограмм жүкті жер орбитасына, 8300 геостационарлық орбитаға және 4000 килограмм Марсқа шығаруға қабілетті.
Ұзындығы 8,1 метр болатын 7 адамды тасымалдай алатын Dragon капсуласымен ұшқан Гезеравджи әртүрлі миссияларды орындап, ғарышта 14 күн болады екен.
Ax-3 миссиясының құрамына сонымен қатар АҚШ пен Испанияның атынан миссияның жетекшісі Майкл Лопес-Алегрия, Италия әуе күштерінің ұшқышы Вальтер Вилладей және Еуропалық ғарыш агенттігінің атынан Швециядан Маркус Вандт кірді.
Бұрын АҚШ-тың жергілікті уақыты бойынша 17 қаңтарға жоспарланған ұшыруды SpaceX соңғы тексерулерді аяқтау үшін бір күнге кейінге қалдырды.
Альпер Гезеравджи ғарыш кемесімен байланысқан алғашқы бейне сессиясында: "Болашақ көкте", - деп атап өтті!
Алғашқы түрік ғарышкерінің ғарыштағы алғашқы Жолдауында:
"Түркиядан келген алғашқы ғарышкер ретінде мен ғарышқа қадам басқан сәтте Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің: "Болашақ көкте" сөзін айтатын боламын",- деді ғарышкер.