Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Mudarabah Capital компаниясының бас директорының анасы қарттар үйін паналап жүр ме?

12 жылға сотталған Mudarabah Capital ЖШС басшысы Руслан Бурканов

Mudarabah Capital компаниясының бас директорының анасы қарттар үйін паналап жүр ме?
Фото: Orda.kz

Mudarabah Capital ЖШС басшысы Руслан Буркановтың анасы қарттар үйіне түсіп қалды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Бұл ақпаратты Алматыдағы аппеляциялық алқа отырысында Буркановтың адвокаты – Анар Катебаева мәлімдеді. 
Руслан Бурканов – отбасында жалғыз ұл. Қазір анасының жанында ешкім болмағандықтан  анасы қарттар үйінде өмір сүруде. Себебі зардап шеккендердің шығынын өтеу үшін Руслан пәтерін сатуға мәжбүр болған. Ол Mudarabah Capital компаниясының бас директоры қызыметін атқарған.  2021 жылы қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тұтқындалды.
Mudarabah Capital директоры Руслан Бурканов салымшылар мен компания арасында делдал болған. Руслан Astex-ке 160 адамды әкелгенін айтты. Ол өзі де компанияға үлкен ақша салған болатын.
 Сот үкімімен компанияның бас директоры Руслан Бурканов 12 жылға, "Astex.kz" ЖШС басшысы Алмас Құранғалиев 14 жылға, қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Дания 10 жылға, "Mudarabah Capital" ЖШС құрылтайшысы Андрей Ча 8 жылға, "Mudarabah Capital" ЖШС-ның бұрынғы қаржы директоры Тимур Рүстемов 12 жылға, "Mudarabah Capital" ЖШС құрылтайшысы Самат Қасенов 8 жылға, қаржы пирамидасының заңгері Нұрлан Сұлтанбаев 8 жылға, "Mudarabah Capital" ЖШС құрылтайшысы Біржан Жармұхамед 6 жылға, қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Ерлан Мансуров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін осы іске қатысы бар вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сот қаулысымен бес жылға еді.
Сондай-ақ бүгін "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасының атышулы ісі бойынша сотталғандар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық шағым түсіргені белгілі болды. 18 қаңтарда сот істі қарай бастапты.