Башқұрттар бас көтере бастады: Россгвардия сарбаздары жаппай келуде

17 қаңтар күні Башқұртстан Республикасының Баймақ қаласында орын алған көтеріліс

Фото: rusnews

17 қаңтар күні Башқұртстан Республикасының Баймақ қаласында халық экобелсенді Фаил Алсыновқа қатысты шығарылған сот шешіміне қарсы ереуілге шықты,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы moscoutimes.ru-ға сілтеме жасап.

Сот отырысына келіп, белсендіні қолдауға жиналғандардың санын нақты айту мүмкін емес. Ақпаратты ресейлік БАҚ таратпауға тырысты, ал арналар мүлде көрсетпеген. Тек жекелеген сайттар мен әлеуметтік парақшаларда ғана мыңдаған адам жиналып, «Бостандық», «Азаттық», «Фаиль біз сенімен біргеміз!», «Біз қарапайым халықпыз» ұрандарын айтқан видеолар тарады. Алаңда тәртіп сақшылары да болды, алайда олар наразылық акциясының бейбіт өтуіне байланысты митингке қатысушыларға тиіспеген.  

Фаиль Арсынов 2020 жылы Көштау тауын билік өкілдері мен алтын өндірумен айналысатын компаниялардан қорғау үшін митинг ұйымдастырған болатын. Бұл Ресей билігі мен Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировке ұнамаған сияқты. Сол кезден бері экобелсенді қуғынға ұшырап, бірнеше рет өміріне қауіп төнген.

Кейін Алсынов Башқұртстан басшысына ашық хат жазып, оны әлеуметтік желіде жария етті. «Армяндар өздерінің туған жеріне кеткісі келсе кетсін деп айтқаным рас. Сол сияқты татарлар мен орыстарға да солай дедім. Алайда мен олар Башқұртстанда өмір сүрмеуі тиіс деп айтқан емеспін. Бұл халық өкілдерін кемсітетін, мұқататын сөздерді де айтқаным жоқ», - дейді ол.

Сондай-ақ, Арсынов өз қолдаушыларына алғысын жеткізді.

"Мені қолдауға келгендеріңізге көп рақмет. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Мен өз кінәмді мойындамаймын. Әрқашан әділдік үшін, өз халқы үшін, өз Республикасы үшін күрескен. Тағы кездескенше. Мен, әрине, мұндай нәрсені күткен жоқпын. Прокурор колониядан-қоныстануды төрт жылға сұрады, ал олар колонияға төрт жыл берді. Біз шағымданамыз", - деді Фаил Алсынов.

Жүктелуде...