Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тыныштық па? Қошанов қос палатаны шақырыпты

19 қаңтарда сағат 10:00-де парламент палаталарының отырысы өтеді

Тыныштық па? Қошанов қос палатаны шақырыпты
Фото: Nur.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Newsroom.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58 – бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласында 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын", - делінген өкімнің мәтінінде.