Алматы тауларында 50-ден астам заңсыз нысан салыныпты

Мегаполисте заңсыз құрылыс фактілері анықталды

фото: tengrinews.kz

Алматы тауларында 50-ден астам нысан заңсыз салынған,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы өткен жылы мегаполистің таулы жерлерінде заңсыз құрылыстың 54 фактісін анықтаған.

"44 объект бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім алынды, ал қалғандары қаралуда. Бұл ретте 31-ден 25 талап заңды күшіне енді, 6-дан апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс тексеру барысында барлығы 1140 бұзушылық анықталғаны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қараша айының соңында Алматы тауларында сот шешімі бойынша заңсыз ғимараттар бұзылады деп хабарланған болатын. Қала құрылысын бақылау басқармасы Заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұза отырып салынып жатқан 52 нысанды анықтады.

Жүктелуде...