Үш күн бойы аязда жоғалып кеткен қойшы табылды

Қостанай обылысында аязда жоғалған қойшы табылды

фото: polisia.kz

Полицейлер мен құтқарушылар Қостанай облысында аязда жоғалып кеткен қойшыны тапты.- деп хабарлайды newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 қаңтарда Арқалықта шопандардың боранды күні далалыққа шығып кеткен жылқылары жоғалып кеткен. Шопандар көлікпен іздеуге шығып, оларды Ақмола облысынан тапты. Алайда, көліктері қарда тұрып қалған. Сол кезде жылқыларды күзетуге қалған шопан жоғалып кеткен.

Қойшыны үш күн бойы іздеген. Ауа-райының қатал жағдайына қарамастан 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және бей-жай қарамайтын жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Тікұшақтармен іздеуге ауа-райы кедергі келтірген, сондықтан ер адамды жаяу және квадрокоптердің көмегімен іздеді.

16 қаңтарда Астанадан жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ келді. Аумақты барынша қамту үшін барлық ресурстар, соның ішінде тікұшақтар, роверлер және қарда жүретін көліктер тартылды.

Ер адамды құтқарушылар тауып, Арқалықтағы ауруханаға жеткізген.

Жүктелуде...