Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Канделаки Қазақстандағы орыс тілінің қамын жепті

Тина Канделаки неге ашынды?

Канделаки Қазақстандағы орыс тілінің қамын жепті
Коллаж: newsroom.kz

Ресейдің тележурналисті Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, ашынған. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейдің тележүргізушісі Қазақстан станцияларының атауын өзгерту арқылы ел орыс тілін мемлекеттік деңгейде баяу, бірақ сенімді түрде ығыстырып жатыр деп пікір білдірген. 

Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, "тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы" деп жазған.

Ал, Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін айтты.

"Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Темір жол станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары" деп жауап қатты.