Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақмола облысында бірден 15 автокөлік жол апатына түсіпті

Зардап шеккендер жоқ

Ақмола облысында бірден 15 автокөлік жол апатына түсіпті
Видеодан скриншот

Ақмола облысындағы тас жолда 15 автокөлік жол апатына түсті, деп хабарлайды newsroom.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 14 қаңтарда сағат 12:20 шамасында болған.

"Астана - Петропавл автожолында Астана бағытында 150 шақырым жерде, Жанаталап кентінің маңында Жол көлік оқиғасы орын алды. Қолайсыз ауа - райына байланысты Щучинск қаласынан 100-ге жуық автокөлікті "Тұлпар 503" экипажы алып жүрді", - деп хабарлады полиция.

Көлік жүргізу кезінде белгіленген ара қашықтықты сақтамай шамамен 15 көлік соқтығысып қалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жалпы, демалыс күндері Ақмола облысының аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер 600-ге жуық көлік құралын алып жүрді.

Полицейлер қазақстандықтардан белгіленген қозғалыс жылдамдығын, аралықты және қашықтықты сақтауды, сондай-ақ шұғыл қызметтердің қозғалысты шектеу туралы хабарламаларын мұқият қадағалауды және қолайсыз ауа-райында елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға тырысуды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескертулер жарияланды. Бес өңірде автомобиль жолдарының 15 учаскесі жабылды.