Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры атқару комитетінің төрағасын тағайындады, деп хабарлайды newsroom.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Оразбай Асхат Түтішбайұлы Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткенде Тоқаев Оразбайды Қазақстанның Ирандағы Елшісі қызметінен босатты.
Оразбай 2019 жылдың қаңтарынан бастап Ирандағы елші қызметін атқарды.
Әр жылдары ол Қазақстанның Түркіменстандағы, Индонезиядағы, Филиппиндегі елшісі болды. Ал 2000 жылдардың басында БҰҰ-ның Исламабадтағы Ауғанстан бойынша арнайы миссиясының саяси кеңесшісі, кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің директоры болды.