Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев елімізге тағы бір қаланы сыйға тартты

Алматы облысында жаңа қала пайда болмақ

Тоқаев елімізге тағы бір қаланы сыйға тартты
Фото: akorda.kz

Алматы облысында Алатау қаласы пайда болды,-деп хабарлайды newsroom.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта құрылсын. 

2. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі,-делінген хабарламада.