Қазақстанға қай елден туристер көп келеді?

Елімізге туристер қай елден көп келеді?

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Статистикалық мәліметтер бойынша елімізге саяхаттайтын шетелдік туристердің географиясы жыл санап артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерімізден бөлек, мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттердің де саяхташылары көптеп келе бастады. Осы орайда, назарларыңызға 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге саяхаттаған ТОП-5 елдің туристер санын ұсынамыз.

"2023 жылдың алғашқы үш тоқсанында еліміз бойынша ең көп саяхатшы - Ресей Федерациясынанкелген. Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 356 850 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 75 131 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Түркия туристері тұрақтады. Анадолы елінен 41 134 турист келген. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) саяхатшылары енді", - делінген ведомство хабарламасында. 

 

Жүктелуде...